Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда «қарапайым заттар экономикасы» бойынша 22,2 млрд теңгенің жобасы мақұлданды

2021 жылдың 14 қазан 2021 16:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде кәсіпкерлерді қолдау бойынша осы жылы қандай бағдарламалар іске асқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Палата директорының айтуынша, жыл басынан бері «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 22,2 млрд теңгеге 17 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 87%, қалғаны қызмет көрсету саласы.

«Жобалардың ең көбі «Бизнестің жол картасы – 2025» аясында қаржыландырылды. Барлығы 84,5 млрд теңгеге 1 199 жобаға көмек көрсетілді. Ал, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд теңгенің 73 жобасы қаржыландырылды. Биылдан бастап «алматылық өндірушілер» пулы құрылды. Сонымен қатар, біз Алматы қаласы әкімінің орынбасарларымен бірлесіп, өндірушілердің проблемалары мен нақты жүктемесін анықтау үшін 25 отандық кәсіпорынға бардық», - деді ол.

Нәтижесінде «Аль Бакара», «Алма-мебель» және «Торнадо PLUS» ЖШС-мен 400 млн теңгеге мектеп жиһазын жеткізуге, «Склад ОВ» кәсіпорнымен 50,6 млн теңге сомасына 19 мың секция радиаторын жеткізуге келісімшарт жасалған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында «Алматылифт» компаниясы 449 млн теңгеге 46 лифт жеткізбек.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Экономика,
Жоғары қарай