Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Алматыда қаржы пирамидасынан 28 адам жапа шекті

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 17:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қаржы пирамидасынан 28 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Р.Тұрғанов 2017 жылдың желтоқсан айында «LIDER» сауда маркасымен «RID inc» ЖШС-ын әділет органына тіркеген. Компания басшысы салынған соманың 30 пайызын ай сайынғы дивидендтерді төлеймін деген сылтауымен салымшылардың қаражатын иемденген (28 жәбірленуші анықталды).

«Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге 2019 жылдың желтоқсан айында іздеу жарияланып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қаржылық пирамидадан зардап шеккендер туралы көп айтылып жатса да, адамдар ақшаларын алаяқтардың қолына өз еркімен беруді жалғастыруда»,– деп хабарлайды қалалық ПД.

Бүгінгі күні «RID inc» ЖШС басшысы Р.Т Тұрғановқа қатысты ҚРҚК 195–бабының 4–бөлігінің 2–тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қалалық полиция зардап шеккендерді Бостандық аудандық полиция басқармасына хабарласуын сұрайды.


Жоғары қарай