Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қандай шаралары бар

2020 жылдың 26 қараша 2020 16:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Білісбеков кәсіпкерлікті қолдаудың қолда бар тетіктері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның мәліметінше, шағын өндірістік парктер, стационарлы емес сауда нысандары, қызмет көрсету орталықтары кіретін шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары – бұл ӘКК қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі.

«Қызмет көрсету орталықтарына келетін болсақ, бұл – қызмет көрсету саласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін құрылатын үй-жайлар кешені (киім жуу, былғарыдан жасалған бұйымдарды жөндеу, аяқ киім, техника жөндеу орындары, ателье және тағы басқалары).

Қызмет көрсету орталықтарын құрудың артықшылықтары:

- пайдаланылмай тұрған үй-жайларды реконструциялау;

- қызмет көрсету саласындағы бизнес үшін инфрақұрылымды дамыту;

- шағын бизнесті көлеңкеден шығуға ынталандыру»,– деді Асқар Білісбеков.

Сонымен қатар, ол Almaty Finance еншілес ұйымдары және «Алматы» микроқаржы ұйымы арқылы шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру үшін Almaty Business-2025 бағдарламасы іске асырылып жатқанын айтты.

«Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» балансында жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік нысандары түріндегі активтер бар. Олардың негізінде әлеуметтік және коммерциялық жобалар іске асырылады. 2020 жылдың қараша айында Әуезов ауданында «Бокс мектебі» спорт залы ашылды. Онда күнделікті 40-тан астам бала тегін түрде спортпен шұғылдана алады. Сондай-ақ, биыл Ә. Қастеев атындағы өнер мектебі жұмыс істей бастады. Мектеп балалар шығармашылығын дәріптеу, халықаралық мәдени және білім алмасу бойынша үлкен жұмыстар жүргізеді, халықаралық фестивальдерге қатысады»,– деді спикер.

Әуезов ауданында «Бақытты отбасы» орталығы жанынан көпбалалы аналарды құқықтану, аспаздық шеберлік, ұлттық қолөнер, тігін шеберлігі, сұлулық салоны қызметтері мен қаржылық сауаттылық бойынша оқытатын «Іскер ана» бағдарламасы жұмыс істейді.

«Жақында қабылданған стратегияны және орындалатын функцияларды біріктірудің ағымдағы процесін ескере отырып, қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуында компанияның рөлі әлі де даму үстінде. Алматы қаласының ӘКК коммерциялық қызметін кеңейтіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті, олар жеке инвесторлар мен компанияның жеке ресурстары есебінен бірлесіп қаржыландырылатын болады», - деп атап өтті А.Білісбеков.

Қазіргі уақытта Almaty Invest жұмысында 884 млрд теңгеге 5 серпінді жоба бар.


Жоғары қарай