Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қатаң локдаун енгізіледі деген ақпарат жалған болып шықты

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 16:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегаполис әкімі Алматыда қатаң локдаун енгізіледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАұпарат тілшісі.

«Бірден айтайын, Алматыда ешқандай карантин болмайды. Бұл деректердің қайдан шыққанын білмеймін, бұл қауесет тез таралып жатыр», - деді әкім Almaty Invest форумы аясында.

Ол кеше ғана қала «сары аймақта» болғанын атап өтті.

«Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, бүгінен бастап қайтадан жасыл аймаққа өттік. Біз «сары» мен «жасыл» аймақтың ортасында боламыз», - деді әкім.

Сонымен қатар, ол қаланың бас санитарлық дәрігерінің барлық шектеу шараларын міндетті түрде орындау керектігін жеткізді.

«Біз пандемиямен күресу үшін қаланы жаппауымыз керек. Алдымызға ондай мақсат қойған жоқпыз. Біз оны бастан өткердік, біз оған қанша күш жұмсалғанын білеміз. Бұл экономикалық тұрғыдан қалаға ғана емес, елге де қатты соққы болды. Бүгін біз карантин жариялаймыз. Алайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық талаптарын орындамасақ, онда біз қаланы жабуға мәжбүр боламыз «, - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.


Жоғары қарай