Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда қайыр сұрайтындарға қарсы рейд жүргізіледі

2019 жылдың 15 қазан 2019 12:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қайыр сұраумен айналысатын адамдарды анықтау үшін рейд жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайыр-садақа сұрайтындар қоғамдық орындардағылардың мазасын алады. Осы мәселенің алын алу үшін «Қайыршы» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.

«Арнайы рейд жүргізетін топ құрылды. Оның құрамында полиция, прокуратура, жұмыспен қамту орталығы мен әкімдік өкілдері бар. Өткен бір тәулік ішінде қайыршылықпен айналысқан 63 адамды анықтадық. Оның ішінде 7 кәмелетке толмаған бала бар. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы бойынша 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция басқармасына жеткізілген адамдарға мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін аудандық және облыстық жұмыспен қамту орталықтарына ақпараттар жолданды», - деді Алматы қалалық Жергілікті полиция басқармасының басшысы Төрехан Исин.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай