Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда кімдер ПТР тестілеуден тегін өте алады

2021 жылдың 28 шілде 2021 16:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.

Ол тегін ПТР тестілеуден жүкті әйелдердің, науқаспен байланыста болғандардың және клиникалық белгілері бар тұлғалардың тегін өтуі қарастырылғанын атап өтті.

«Мен мұнда ешқандай кедергіні көріп тұрған жоқпын, әр емханада учаскелік дәрігер, кезекшілер бар, сондай-ақ 24/7 телемедицина орталығы жұмыс істейді. Олардың барлығы сізге көрсеткіштер бойынша толық жауап береді және ПТР-тестілеуден қайда және қалай тегін өту керектігін айтады», – деп нақтылады Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.


Жоғары қарай