Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда кинотеатрға кірмек болған науқастар «Ashyq» жобасы арқылы анықталды

2021 жылдың 17 сәуір 2021 22:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыдағы бес кинотеатр «Ashyg» жобасы бойынша жүмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, кинотеатр қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында бәрі штаттық режимде еш қиындықсыз өтті.

Кинотеарға келгендер QR-кодты сканерлеп, «көк» және «жасыл» мәртебесі анықталған бойда «билет кассалары» аймағына, одан кейін залға кірді.

«Алайда кинотеатрлардың бірінде үш алматылықты «билет кассалары» аймағына өткізбеді. Өйткені, QR кодын сканерлеу кезінде «қызыл» статус анықталды. Яғни, олар коронавируспен ауырғандар және үй карантинінде болуы керек еді»,- деп түсіндірді Сәдуақас Байғабылов.

Өздерінің «қызыл» мәртебелерін көргеннен кейін, олар кинотеатрдан шығып кетті.

Олардың екеуі - ерлі-зайыптылар.

Айта кетейік, 9-15 сәуір аралығында 235 алматылық «Ashyq» өтуге тырысып, мекемеге кірмек болған.

Оның ішінде 211 алматылықта «қызыл», 24-де «сары» белгі болған.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Коронавирус, Алматы,
Жоғары қарай