Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда кинотеатрлар ұзақ үзілістен кейін қалай жұмыс істемек

2020 жылдың 27 қазан 2020 20:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 26 қазаннан бастап кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берген болатын. Мұндай нысандардың тоқтап тұрғанына жарты жылдан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас дәрігер қаулысына сәйкес 26 қазаннан бастап рұқсат берілсе де, бүгін көптеген кинотеатрлар жабық болды.

Олардың көпшілігінде дайындық жүріп, дезинфекциялық шаралар атқарылып жатыр.

«Қазір біз дистрибьюторлардан фильмдердің толық сеансын күтіп отырмыз. Әрине, эпидахуалға байланысты түнгі көрсетілімдер болмайды. Адамдар шахматтық тәртіпте отырады. Ресми ашылу ертең болады. Бүгін залдар толық кварцталады. Біздің залға адамдар орталық универмаг жағынан кіретін болса, енді жеке кіреберістен кіретін болады», - деді қаладағы ірі кинотеатрлардың бірінің басқарушысы Юлия Вебер.

Сонымен қатар, кинотеатрларға билетті әзірге онлайн сатуға тура келеді.

«Кірген кезде күзетшілер келушілердің маскасын тексереді, температурасын өлшейді. Егер адамда маска болмаса, оған қызметкерлер жаңасын береді. Кинотеатрлар жұмысы 10:00-22:00 аралығында болады. Залдар 30 пайызға толған кезде есік жабылады. Билет құны өзгерген жоқ. 1000-3000 тг аралығында болады», - дейді кинотеатрлар желісінің PR директоры Ерлан Бұқарбаев.

Ал отбасымен келген көрушілерді отырғызу тәртібін әкімшілік шешеді.

Айта кету керек, Алматыда 26 қазаннан бастап бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин кинотеатрлар мен сауда ойын сауық орталықтарының жұмысына рұқсат берген болатын.





























Жоғары қарай