Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда қоғамдық көліктің жүретін уақыты қысқарды

2020 жылдың 7 шілде 2020 16:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қоғамдық көліктердің жүру уақыты қысқарды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шектеу шаралары аясында қоғамдық көліктердің жүру уақыты бір сағатқа қысқарды. Яғни автобус, троллейбус маршруттары мен метро таңғы сағат 06:00 ден кешкі сағат 22:00 дейін жүреді. Мұндай шешім арнайы комиссия мен қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қабылданды»,– дейді Ерлан Әділов.

Сонымен қатар, ол қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылатынын айтты.

«Бұл күндері қоғамдық көліктер мен автобус парктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі»,– деді ол.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Көлік, Әкімдік,
Жоғары қарай