Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда Көк базар маңындағы автотұрақ құны қымбаттады

2021 жылдың 22 ақпан 2021 15:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Көк базар маңында сараланған тариф енгізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдан бастап № 1501 аймағында сараланған тариф іске қосылады. Көкбазардың маңында 1 сағат тұрақ құны 150 теңге болмақ. Бұл өзгерістер тек сол базар маңындағы 317 тұрақ орнына байланысты», - делінген «Алматы паркинг» ЖШС ресми парақшасында.

Мұндай тариф тұрақтардың толуын реттеуге септігін тигізеді.

Тұраққа сұраныс көп болған сайын бағасы қымбат болады. Бұл тәсіл тұрақ орнының қолжетімділігін 10-20%-ға арттырады.

Компания өкілдері неліктен Көк базар маңында сараланған тариф енгізіліп жатқанын түсіндірді.

«2020 жылы базар маңындағы тұрақтардың басқа жердегі тұрақтармен салыстырғанда 2 есе көп уақыт алатыны анықталды. Бұл жерде 1 орында күніне 2,6 көлік тұрады екен. 2017 жылы күніне 7 көлік айналатын. Қым-қуыт сәттерде автотұрақ 100 пайызға пайдаланылады. Бұл сол жерде тұратын адамдарға да ыңғайсыз әрі көлік иелері орын іздеп айналып жүрген кезде кептеліс тудырады», - деді компаниядан.

Жүргізілген талдауға сәйкес, тұрақ ақысының көтерілуі базар келушілеріне көп ықпал етпейді. Себебі, келушілер аз уақытқа келіп кетеді. Ал базар маңына бір күнге көлігін қалдыратындарға бұл тиімсіз болмақ.

Ал қаланың басқа аймақтарында тұрақ ақысы сағатына 100 теңге.


Жоғары қарай