Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда көлеңкелі айналымнан 77 компьютер, 50 ойын терминалы тәркіленді

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 15:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ойын бизнесінің көлеңкелі айналымынан 77 компьютер, 50 ойын терминалы тәркіленді. Бұл туралы Алматы қалалық Экономикалық тергеу департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен аптада Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 31 заңсыз ойын нүктесін жапты. Көлеңкелі айналымнан 50 ойын терминалы, 77 компьютер тәркіленді.

Әуезов ауданында ашылған компьютерлік клуб шын мәнінде ойын терминалдары орнатылған заңсыз ойын бизнесінің ордасы болып шықты.

Бұл мекеме «ҚР Ойын бизнесі туралы» заңнамасының нормасына қайшы жұмыс жасап келген. Көлеңкелі айналымнан 62 ойын компьютері, 3 ойын терминалы, 70 000 теңге көлемінде ақша алынды.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 307-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Заңдағы талапқа қарамастан кәсіпкерлер, дүкен, ғимарат иелері ойын нүктесін ашуға бөлмелерін жалға беруді тоқтатар емес. Бұл халықтың наразылығын тудырып отыр. Сонымен қатар, осындай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді Экономикалық тергеу департаментінен.

Департамент өкілдері заңсыз ойын бизнесін ашудың куәсі болған азаматтарға 8 (727) 279- 29-56 нөмірлеріне хабарласуын сұрады.

Жоғары қарай