Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Алматыда көліктер соқтығысып, 4 бала зардап шекті

2020 жылдың 27 ақпан 2020 20:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше көліктің соқтығысуынан 4 бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Сәтбаев - Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болды. Батысқа бет алған «Toyota Corolla» көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған. Осы уақытта ЗИЛ жүк көлігі Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай келе жатқан.

Мәлім етілгендей, жүк көлігі жол үстінде бұрылмақ болып, қарсы беттегі «Suzuki»-мен соғылған. «Suzuki» өз кезегінде «Toyota»-ны соққан.

«4 бала Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. Екеуіне «жабық бассүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы» диагноздары қойылды. Қалған екеуінде жұмсақ тіндері соққы алған. Ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартты»,- деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Аймақ,
Жоғары қарай