Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда көпқабатты үйдегі алапат өрттен 200-ге жуық тұрғын эвакуацияланды

2021 жылдың 11 желтоқсан 2021 14:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын құтқаруға 35 полиция қызметкері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Брусиловский көшесінде орналасқан «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің 18 қабатты үйінен қою түтін шыққаны туралы хабар түнгі сағат он екілер шамасында түскен.

ЖБО жедел кезекшісі өрт орнына дереу патрульдік полицияның 13 экипажын жөнелтті.

Сондай-ақ, өрт орнына іргелес жатқан көрші аудандардан да адамдар тартылды.

«Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын құтқаруға және өрттің салдарын жоюға 35 полиция қызметкері қатысты.

Ең алдымен осы үйдің 177 тұрғыны эвакуацияланды.

27 адам құтқарылды, оның алтауы - балалар.

«Жедел жәрдем» бригадалары түтіннен уланған 2020 және 2021 жылы туған үш сәбиді шұғыл түрде №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізді.

Сағат 01:45-те өрт сөндірілді. Оның себебін сараптама анықтайды.




Жоғары қарай