Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда коронавирус бойынша жағдай тұрақты, дегенмен босаңсуға ерте - дәрігер

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 19:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, бүгінгі күні үй жағдайында, емханаларда және телемедициналық орталықтың көмегімен 479 адам ем қабылдауда.

«Біздің стационарларда 1434 төсек-орын бар. Бір тәулікте 235 адам ауруханаға жатқызылды. 29 адам ауруханадан шығарылды. 36 науқас реанимацияда жатыр. Науқастардың санын төсек-орындармен есептесек, 19% көрсетеді. Яғни, қазір қалада ковид инфекциясы бойынша жағдай тұрақты. Дегенмен, босаңсуға әлі ерте, індет енді ары қарай өршімейді деген сөз емес, қала тұрғындарына эпидемиологиялық жағдайды тұрақты сақтағаны дұрыс», - деді Лаура Мырзағали.

Ол сондай-ақ, қалада вакцина егу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда қалада жүкті әйелдер, 12 жастан асқан жасөспірімдер, бала емізетін әйелдер «Pfizer» вакцинасымен егіліп жатыр. Қаламызда қазір вакцина мөлшері жеткілікті. Вакцина егетін барлық пунктеріміз, емханаларымыз жұмыс істеп тұр. Олар жұмыстарын ары қарай да жалғастыра береді», - деп атап өтті дәрігер.


Жоғары қарай