Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырған 2,3 мың науқас ауруханада жатыр

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 10:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 2337 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 498 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 470, симптомсыз – 28 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 288, келіп түскені – 222.

«Инфекциялық стационарларда 2 337 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 111 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 229 адам жатыр.

Ал 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 103 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 68 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5078 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4938 науқас. 140 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Жоғары қарай