Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырған бір адамдың жағдайы ауыр

2020 жылдың 28 наурыз 2020 14:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы дәрігерлері қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жалпы 58 науқас болса, оның екеуі емделіп шықты.

«Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар стационарында 56 науқас бар, соның екеуі бала. Жаңадан анықталған 10 науқастың бесеуі 27 наурызда Санкт-Петербор – Алматы рейсімен, біреуі 26 наурызда Ыстанбұл – Алматы, ал қалған екеуі Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Тағы екеуі індет жұқтырушылармен байланыста болған», - деді басқармадан.

Құзырлы органның хабарлауынша, барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

«Ем қабылдап жатқан 51 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тек бір ересек науқастың жағдайы ауыр деп бағаланса, төрт емделуші орташа дәрежеде, оның ішінде бала да бар. Провизорлық орталықтарда 854 адам бар, оның 86-сы бала. Ал үй карантинінде 2037 адам жатыр», - деді басқарма өкілдері.


Жоғары қарай