Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 814-ке жетті

2020 жылдың 25 сәуір 2020 18:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында Алматы қаласындағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша 814 жағдай тіркелді. Өткен тәулікте тағы 31 жағдай анықталды. Яғни бір күнде 4 пайызға өскен. Аптаның басында бір тәуілктің көрсеткіші 15,6 пайыз болған. Бұл аурудың төмендегенін көрсетеді»,– деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол үй карантинінде жатқан адамдардың мамандар бақылауында екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта стационарда 1400 науқас, үй карантинінде 8590 адам жатыр. Барлығы медициналық бақылауда. Олардың ішінен коронавирус анықталған жоқ. Карантинді қатаң түрде сақтайтын болсақ, ауру тарамайтын болады», - дейді ол.


Жоғары қарай