Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты

2021 жылдың 18 сәуір 2021 11:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3 868 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 677 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 557-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 120 -ы симптомсыз ауырған.

«Инфекциялық стационарларда 3 868 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 101 бала емделуде. 885 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 983 науқас орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 258 адам жатыр. Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 85 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 328 пациент бар. Оның ішінде 5 522 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 806 адамда ауру белгілері жоқ.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Коронавирус, Алматы,
Жоғары қарай