Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

2021 жылдың 26 қазан 2021 10:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1064 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 239 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 225, симптомсыз – 14 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 233, келіп түскені – 107.

«Инфекциялық стационарларда 1 064 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 28 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 105 адам жатыр.

Ал 21 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 56 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 503 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2406 науқас.

97 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Жоғары қарай