Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 12:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 235 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 51 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар –30 , келіп түскені – 26. Инфекциялық стационарларда 235 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1 434), оның ішінде 4 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 36 адам жатыр. Ал 9 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 15 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 504 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 492 науқас. 12 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Жоғары қарай