Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда креативті кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіледі

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 17:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда креативті кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіледі. Бүгінде мегаполис экономикасы дамуының драйвері шикізат өнеркәсібінен креативті секторға ауысып жатыр.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шығармашылық және нарық. Лондон, Нью-Йорк, Токио, Гонконг, Берлин, Барселона, Мәскеу осы жолмен жүреді. Креативті экономика шағын бизнес пен жұмыспен қамтуға айтарлықтай мүмкіндіктер ұсынады. Бұл икемді, жобаға негізделген, мобильді, жеке дағдыларды қажет етеді», - деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінде индустрияның үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысы елдегі креативті экономиканың маңыздылығына баса назар аударғанын және осы саланы дамытуда Алматы қаласына қолдау көрсететінін атап өтті.

«Креативті кәсіпқойлар тек креативті индустрияда ғана сұранысқа ие емес. Көптеген дәстүрлі салалардың бәсекеге қабілеттілігі олардың өнімділігіне байланысты. Менің ойымша, Алматы жақын арада жаңа индустриялар мен инновациялардың, «білім экономикасының» орталығына айналады. Себебі жергілікті атқарушы органдар креатвиті бизнес-қоғамдастық өкілдерімен жүйелі қарым-қатынас орнатуға мүдделі», - деді ол.


Жоғары қарай