Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматыда құдыққа түсіп, уланып қалған «Алматы су» қызметкерлерінің жағдайы ауыр

2020 жылдың 2 маусым 2020 11:54

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда кәріз құдығына түсіп уланған «Алматы Су» қызметкерлері өте ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 25 және 42 жастағы екі адам №7 қалалық ауруханаға шұғыл жеткізілген.

«Жансақтау бөлімінде реаниматолог, травматолог, нейрохирург мамандар науқастарды қарап шықты. Барлық клиникалық диагностикалық шаралар жасалды. Олар күкірт сутекті газымен уланған. Орталық жүйке жүйесі зақымдалған. Уытты энцефалопатия диагнозы қойылды. Екеуі де комада жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Таңға жақын да жағдайлары өзгермеді»- деді басқармадан.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда ХҚО қызметікерінің кәріз құдығына түсіп, уланып қалған екі азаматты құтқарғанын жазған болатынбыз.

Кәсіпорын бұл оқиғаға байланысты түсінік берді.

«1 маусымда «Алматы су» кәсіпорнының қызметкерлері коммерциялық ұйымдардың су есептеу құралын тексермек болған. Қызметкерлер қателесіп судың емес, кәріз жүйесінің қақпағын ашып қараған. Соның кесірінен газ буымен уланған. Қазір кәсіпорында қызметтік тексеру жүріп жатыр. Негізінде «Алматы су» қызметкерлері есептеу құралдарының көрсеткішін тіркеумен ғана айналысуы тиіс. Құдықтарға түсу мүлде олардың міндетіне кірмейді», - деді «Алматы су» МКК.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай