Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда күн сайын 7,5 мың кіреберіс пен 1,5 мың аула дезинфекцияланады

2020 жылдың 13 маусым 2020 10:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда күніне 7,5 мың кіреберіс пен 1,5 мың аула дезинфекцияланады. Бұл жайында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында қалада барлық жағдай жасалып отыр. Соның бірі — қоғамдық кеңістікті дезинфекциялау. Көшелер, сауда және қызмет көрсету нысандары, медициналық мекеме аумақтары, жаяу жүргіншілер жолы, жалпы жұқтыру қаупіне ие барлық заттар залалсыздандырылуда. Сонымен қатар, күн сайын 7,5 мың кіреберіс пен 1,5 мың аула, соның ішінде балалардың ойын және спорт алаңдары дезинфекцияланады. Бұған 75,4 мың литр ерітінді жұмсалады» деп жазады қала әкімі.

Оның айтуынша, бұл жұмысты 450 дезинфекциялық компания атқарып жүр.

«Болат Оспанов сынды қарапайым жігіттер COVID-19 таралуына қарсы іс-қимылда белсенділік танытып жүр. Біз де жауапкершілік танытайық» деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.



Жоғары қарай