Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда қурап кеткен қарағай мен шырша ағаштарына қатысты әкімдік түсінік берді

2021 жылдың 20 мамыр 2021 18:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының жасыл экономика басқармасы қарағайлар мен шыршалардың неге қурап жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары Бостандық ауданының әкімдігінен Жароков көшесінің бойында солтүстік бағытта, Өтепов көшесінің жоғары жағында қурап жатқан шыршаларға назар аударуды сұрады.

Қаланың жасыл экономика басқармасының мәліметінше, қылқан жапырақты ағаштар бірнеше себептермен қурап кетті.

«Қыс мезгілінде көктайғаққа қарсы материалдар қолданылады, бұл қылқан жапырақты ағаштардың тамыр жүйесіне кері әсер етіп, жазда кебуіне әкелді. Сондай-ақ осы жылдың көктемінде ауа райы құбылмалы болды. Ауа температурасы күрт өзгерді. Сол кезде қылқан жапырақты ағаштар күнге күйіп қалды. Жароков көшесінде қылқан жапырақты ағаштардың тығыз орналасқаны байқалады. Бұл өсімдіктердің ауа алмасуының бұзылуына әкеледі. Қылқан жапырақты ағаштардың және жол бойында өсетін басқа ағаш түрлерінің жағдайын қалпына келтіру үшін түрлі тынайтқыштар қолданылатын болады», - деп жауап берді басқармадағылар.








Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Экология,
Жоғары қарай