Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда лаңкестер қандай тактика қолданғаны белгілі болды

2022 жылдың 16 қаңтар 2022 22:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лаңкестер полицияны шаршатып, күштерді осал ету үшін түрлі тәсілдер қолданды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биліктің беделіне нұқсан келтіру үшін қылмыскерлер полицейлер мен әскери қызметкерлердің киімін киіп алған. Алаңның периметрі мен қаланың орталық көшесінде 493 бейнебақылау камерасы істен шыққан. Жолдарға тосқауыл қойылды, периметрлер айналысына бақылаушылар орналастырылған. 4-5 адамнан құралған лаңкестер басып алған көліктермен мемлекеттік нөмірсіз жүрген», - деді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, қозғалыс кезінде олар полиция жасақтары мен блокпосттарға оқ атқан.

«Қару-жарақ пен әскери техниканы тартып алу мақсатында Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне шабуыл жасалды. Олар Алматы халықаралық әуежайын басып алған. Сауда және ойын-сауық орталығына, қаржы ғимараттарына шабуылдар жасалды. Қаланың әр түкпірінен бір мезгілде әртүрлі ғимараттарға «мина» қойылғаны, атыс-шабуыл туралы жалған хабарламалардың көптеп түскенін атап өткім келеді. Бұл тактиканы лаңкестер полицияны шаршатып, күштерді осал ету үшін қолданған», - деді департамент басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды.

Оның айтуынша, Полиция департаментінің ғимаратын басып алуға лаңкестер 27 рет әрекет жасады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды.

Одан кейін Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар әкімдік ғимаратын басып алуға тағы да әрекеттенген.

Полиция департаментінің басшысы Алматыда лаңкестер 1347 қару ұрлағанын айтты.


Жоғары қарай