Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда лаңкестердің қолынан қаза тапқан офицер Сәндібек Хаировты ақтық сапарға шығарып салды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 12:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаланы қорғау кезінде лаңкестердің қолынан қаза тапқан Қарулы Күштердің офицері Сәндібек Хаировты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

35-гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары подполковник Сәндібек Хаиров әскери қызметшілерді қала әкімдігінің шабуыл жасалған ғимаратынан шығарды, бірақ өзі қорғана алмады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Оның ерлігі әрқашан батылдық пен офицерлік абыройдың үлгісі, әскери борышын атқарудың өнегесі болады.




«Қаза тапқан әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алу Республика алаңында орнатылатын мемориалда мәңгі сақталады. Бұл біздің елімізді террористерден қорғап, бейбітшілікті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендерді еске алу үшін ұрпақтарға арналады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала әкімі Сәндібек Хаировтың отбасына материалдық көмек көрсетілгенін, сондай-ақ пәтер бөлінетінін айтты.

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.





Жоғары қарай