Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда медициналық оқу орнын бітіргендер ауруханаларда тәжірибеден өтеді

2020 жылдың 4 тамыз 2020 14:16

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда ЖОО және колледждерде оқыған жастар инфекциялық стационарларда өндірістік және жазғы практикадан өтетін болады. Бұл туралы Алматы қаласы Жоғары медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЖОО және колледждерде оқыған жастар инфекциялық стационарларда өндірістік және жазғы практикадан өтетін болады. Сондай-ақ, ЖОО-ның интерндері, резиденттері, студенттері және профессорлық-оқытушылық құрамы тартылды. Мысалы, пациенттерді бақылау орталығында профессорлар мен оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Волонтерлерден жүк тиеуші, жүргізуші және тағы басқа ретінде тартылатын құрам жинақталды», - дейді Светлана Сұлтанғазиева.

Оның айтуынша, медициналық ЖОО мен колледж түлектері үшін бірқатар тиімді шара қабылданған. Яғни маман сертификаттарын алу, жұмысқа қабылдау жеңілдетілген (құжаттар саны азайтылды), инфекциялық стационарларға жұмыс істеуге рұқсат ретінде COVID-19 оқыту бойынша сертификаттар жарамды болып табылады.

«Студенттер үшін мотивацияны арттыру, мысалы, резидентураға конкурстан тыс қабылдау шарасы қолға алынған»,– деп атап өтті спикер.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Медицина, Алматы, ЖОО-лар,
Жоғары қарай