Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда мектеп оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті

2021 жылдың 28 қазан 2021 12:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде «Алматыда мектеп оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті» деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп әкімшілігі ақпаратты растады.

«2021 жылғы 28 қазанда оқушы оқудан тыс кезінде қаза тапты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайды», - деп хабарлады білім мекемесі. Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлім етті.

«Оқиғаның себептері мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полициядан.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай