Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда митинг өткізуге тыйым салынуы мүмкін

2020 жылдың 20 қазан 2020 12:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда митинг өткізуге тыйым салу қарастырылып жатыр. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір карантин шаралары қайта күшейтіліп жатыр. Адамдар көптеп шоғырланатын орындардың бірі - митинг. Сондықтан, оны ұйымдастыруға тыйым салуды қарастырып жатырмыз. Митинг және басқа да жиындарға бір айдай тыйым болған жоқ. Өйткені ауру көрсеткіші төмен еді. Қазір індеттің таралуы көтеріле бастады. Сондықтан осы мәселеге назар бөліп, тыйым салуды қарастырып жатырмыз, – деді ол.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін мәлім еткен еді.



Жоғары қарай