Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Алматыда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

2019 жылдың 5 шілде 2019 18:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы барысында Бауыржан Байбек Елбасы тапсырмаларын, сондай-ақ жаңадан сайланған Президенттің сайлауалды тұғырнамасын және барлық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысты партиялық принципті және қатаң бақылауды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» трансформациясы туралы тапсырма берді. Партия жұмысындағы көзқарастарды түбегейлі қайта қарап, жүктелген маңызды шаруаларды жүзеге асыру қажет. Біз тыңдап қана қоймай, адамдарды естуіміз керек, проблемалық мәселелерді шешуге тиіспіз. Адамға қамқорлық жасау, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету - біз үшін басты басымдық», - деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, бүгінгі күні партия қатарындағыларды бір тексеріп шығу қажет. Бұл мәселе санға емес, қауымдастықтың сапалы құрамына негізделуі тиіс. Бұдан басқа, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары партияның қоғамдық қабылдауларын реформалауды, мәслихат депутаттарымен және парламенттік фракциямен өзара іс-қимылды нығайтуды тапсырды.

«Партия халыққа жақын болуы керек. Халықпен кері байланысты нығайтуға, қоғамның талаптарына тез арада жауап беруге, ағымдағы үдерістерге белсенді түрде әрекет етуге атсалысуы керек. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болу маңызды. Жұмыстарды барлық әлеуметтік топтармен бірігіп жүргізу керек. Бұл жастар, зейнеткерлер, мүгедектер, әлеуметтік жағынан осал топтар, көп балалы аналар, жұмыссыздар және басқалар», - деді Бауыржан Байбек.

Конференция барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

Автор: Алма Мұқанова

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Nur Otan партиясы, Алматы,
Жоғары қарай