Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда оқушы теракт жасайтынын хабарлаған

2020 жылдың 8 сәуір 2020 15:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 14 жасар жасөспірім теракт жасайтынын айтып, елді дүрліктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім бұл туралы жергілікті тұрғындардың бірінің WhatsApp номеріне жазған. Ол 8 сәуірде Алматының Медеу ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін жарып жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан.

«Бұл ақпарат жедел әрекет етуді қажет етті. Хабарлама түсе салысымен қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері дереу осы мекенжайға барып, саперлардың көмегімен ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізді. Жарылғыш заттар табылған жоқ. Ақпарат расталмады. Оның авторы жедел-іздестіру шараларының арқасында тез табылды.Ол жоғарыда аталған көппәтерлі үйдің бірінің 14 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Жасөспірім өзінің жасаған әрекетін мойындап, оны бұзақылық ниетпен жібергенін айтты. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша тіркелді», - дейді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ, полиция, терроризм актісі бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.


Жоғары қарай