Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыда өртенген автобустың жүргізушісінің қолы күйіп қалды

2020 жылдың 4 маусым 2020 16:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда отқа оранған жолаушылар автобусы жүргізушісінің қолы күйіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 маусым күні Алматы қаласының ТЖД «101» пультіне куәгерден автобус өртенгені туралы хабарлама түсті. Автобустың ішінде адам болмаған. Мотоциклетті экипаж оқиға орнына 5 минуттың ішінде жеттті. Олар 2014 жылы шыққан «Yutong» маркалы автобустың ашық жалынмен жанып жатқанын хабарлады. Тілсіз жау жарнама тақтасына жайылып үлгерген. Автобус газбен жүреді. Өртті сөндіру үшін жедел түрде көбік шашылып, сондай-ақ жақын орналасқан ғимараттарды қорғап, салқындату үшін өрт оқпандары қолданылды» деп хабарлады ТЖД.

Шұғыл қолданылған шаралардың арқасында жалын 8 минуттың ішінде ауыздықталып, 15:07-де толық сөндірілді.

Автобус жүргізушісінің оң қолы күйіп қалды. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Отты сөндірге жеке құрамнан 12 адам, 2 өрт цистернасы және 2 мотоциклетті экипаж жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.








Жоғары қарай