Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда өртенген пәтерден әйел адамның мәйіті  табылды

2020 жылдың 22 қазан 2020 10:59

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпқабатты үйдегі отқа оранған пәтерден бір әйелдің денесі табылды, тағы бір әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Медеу ауданы «Самал–2» шағынауданындағы көпқабатты үйден шыққан.

«Өрт туралы хабарлама 21 қазанда түнгі сағат 22:50-де түсті. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар тоғыз қабатты үйдің жетінші қабатындағы пәтердің жанып жатқанын анықтады. Терезелерден қою қара түтін шығып жатты. Бір әйел адамның көмекке шақырған даусы естілді. Құтқарушылар жоғары қабаттардан адамдарды эвакуациялады», - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт шыққан пәтердің темір есігін өрт сөндірушілер арнайы құралмен ашты. Пәтерден 1976 жылы туған әйелдің денесі табылды. 53 жастағы екінші әйелді өрт сөндірушілер жетінші қабаттың терезесінен АЛ-32 сатысы арқылы алып түсті. Ол бірден ауруханаға жіберілді.

Өртті сөндіруге 24 жеке құрам, 8 техника жұмылдырылды.

Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай