Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда өртеніп жатқан ғимараттан жеті адам құтқарылды

2021 жылдың 16 мамыр 2021 15:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Алатау ауданында ғимараттан өрт шығып, жеті адам құтқарылды, -деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 мамыр күні таңғы сағат 05.52-де «Қарасу» шағынауданында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. ТЖД күштері оқиға орнына бірден жіберілді.Өрт шыққан жерге барған кезде үш қабатты ғимараттың жертөлесі жанып жатқаны анықталды. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзып, ғимаратқа тығыз бекітілген шатыр астында ағаш, картон қораптары және шкаф жиһаздарының басқа элементтері сақталған.

Өрттің тез таралуына жертөледегі жиһаз шеберханасында өрт жүктемесі ықпал еткен. Үй-жайларда қою түтін пайда болып, эвакуация жолдарын жауып тастаған. Жалын бүкіл ғимаратты шарпыды.

Газ және түтіннен қорғау қызметі барлау және сөндіру кезінде өрт сатысы арқылы шатырдан алты адамды құтқарды. Алтыншы адамды өрт сөндірушілер түтін шарпыған ең алыс бөлмеде ұйықтап жатқан жерінен оятып алған.

«Өрт шыққан жерге бірінші болып сол маңнан өтіп бара жатқан Алматы қаласы ТЖД қызметкері жетті. Қызметтен тыс уақытына қарамастан Александр Чистяков адамдарды құтқаруға кірісті. Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, ол тағы үш куәгермен бірге жертөле терезесіндегі темір торды алып, ер адамның сыртқа шығуына көмектесті, содан кейін олар техника өтуіне кедергі келтіріп тұрған машиналарды эвакуациялады. Құтқарылған жеті адамға да жедел түрде ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы медициналық-психологиялық көмек көрсетті», - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамнан 41 адам, 12 техника жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының тұйықталуы. Өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзғаны үшін ғимарат иесі ҚРӘҚБтК 410-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды.

Жоғары қарай