Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда өтетін бокс кешінде қандай атақтар сарапқа салынатыны белгілі болды

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 15:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 11 желтоқсан күні Алматыда өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшылар бірден алты титулды айқас өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кештің басты жекпе-жегінде Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3КО) британдық Стивен Уордпен (13-1, 4КО) бірінші ауыр салмақтағы бос WBA Gold чемпиондық титулы үшін айқасады. Кештің тағы бір маңызды айқасында Сұлтан Зауырбек (11-0, 7КО) WBO European чемпиондық белдігі үшін жұдырықтасады. Ол британдық Райан Уилермен (16-1-1, 0КО) айқасады. Талғат Шайкен (6-0, 4КО) украиналық Владимир Гордиенкомен (9-3, 4КО) кездеседі – олар жартылай орта салмақтағы WBC «жастар» белдігі үшін айқасады.

Басты кард алдында Еділ Қожамбердиев (10-2, 10КО) түрік Хамза Гюнешпен (6-0, 4КО) жекпе-жекке шығып, крузервейттегі UBO Inter-Continental белдігі үшін таласады. Сонымен қатар Қазақстанның Кәсіби бокс комиссиясы чемпионы белдігі үшін қазақстандықтар арасында екі титулдық жекпе-жек өтеді: Алдияр Аманжолов (2-1, 1КО)-Бектас Қасенай (7-1, 2КО), Ділшат Нұрым (2-0, 1КО)-Наурызғали Нұрмұхаметов (1-0, 1КО).


Басты сөздер: Бокс, Спорт, Алматы,
Жоғары қарай