Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Алматыда парамен ұсталған екі судья бостандықта жүр

2019 жылдың 23 шілде 2019 17:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов пара алды деген күдікпен ұсталған алматылық судьялар жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот этикасына қайшы келетін нәрселер бар. Әуезов ауданының №2 аудандық сотының судьясы өзінің танысына заң жағынан көмек көрсеткен. Яғни, ол процедуралық емес байланыс жасаған. Біз заң бұзушылықтардың бар-жоғын тексеру үшін бұл мәселені сот этикасы жөніндегі комиссияға жолдадық. Комиссия судьяның іс-әрекеттерінде заңсыздық фактісі бар екенін растады. Содан кейін біз сот этикасы жөніндегі комиссияның қорытындылары бойынша сот алқасына жүгіндік, жұмыстан босату туралы мәселе көтердік. Бізді сот алқасы да қолдады. Қазіргі уақытта президенттің жарлығы шықты және ол қызметінен босатылды», - деді Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов.

Сонымен қатар, ол Штейнкенің қылмыстық жауаптылығы туралы істің қаралып жатқанын айтты.

«Штейнкеге қатысты ақпаратты жаңа алдым. Оның қылмысы әлі толығымен дәлелденген жоқ. Сол себепті ақталғанын хабарлады. Сот комиссиясы оның сот этикасы нормаларын бұзғанын растады», - деді Нұрғазы Әбдіқанов.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылы 2 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы және Жоғарғы сот ішкі қауіпсіздік бөлімі мамандарының өзара бірлесіп жүргізген шарасы барысында Андрей Штейнкті 10 000 АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстаған болатын.

Сондай-ақ, Нұрғазы Әбдіқанов медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Гүлмира Әбілқайыр туралы айтып берді.

«Алматы қаласы, медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Әбілқайыр жоғары судья атағына нұқсаң келтірді. Ол ұсталды. Бірақ, дәл сол кезеңде ол еңбек демалысында болған. Оған санкция қолданылған жоқ, қазір бостандықта, алайда тергеу жүріп жатыр. Қазір ол судья қызметінен шеттетілді. Іс материалдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот алқасына жіберілді. Судьяның кінәлі немесе кінәсіздігі сот барысында анықталады», - деді Нұрғазы Әбдіқанов.

Осыған дейін, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласы судьясының пара алу фактісін анықтаған. Судья делдал — Алматы қаласы аудандық сот отырысының хатшысы арқылы өз өндірісіндегі азаматтық іс бойынша мәселенің оң шешілуі үшін 3 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін күдікке ілінген.

Сондай-ақ, соңғы алты айда алматылық төрт судья жұмыстан босатылды.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай