Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда полиция қоғамдық көліктердегі жолаушыларды тексеріп жатыр

2020 жылдың 9 сәуір 2020 00:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда карантинді сақтау мақсатында полиция қоғамдық көліктердің жолаушыларын тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіп сақшылары алматылықтардың карантин режимі кезінде қала ішінде жүруіне рұқсат берілген не берілмегендігін анықтап жатыр. Полиция инспекторлары планшет арқылы азаматтардың жедел штабтың бірыңғай тізілімінде болуын немесе болмауын анықтайды.

«Бұл жұмысқа учаскелік полиция инспекторлары қатысады, олар қаланың қоғамдық көліктеріне тексеріс жүргізеді. Әр азаматтың деректері электронды түрде тексеріледі. Ақпарат болмаған жағдайда, шұғыл қажеттілік болмаса көшеде жүруге қатысты шектеулер туралы ескерту жасаймыз. Біз ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес талаптарды түсіндіреміз. Жергілікті полиция қызметкерлері тек жедел штабтың тізіліміндегі мәліметтерге сүйенеді. Бұл шаралар карантиндік режим аяқталғанға дейін өткізіледі», – деді Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Коронавирус, Көлік, Алматы,
Жоғары қарай