Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда полиция күдік тудырған соң тоқтатқан көліктен қару-жарақ табылды

2020 жылдың 5 маусым 2020 14:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы 20 жастағы жігіттің көлігінен қару тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция Алатау ауданында «Тойота Королла» көлігін тоқтатқан.

«Таңғы сағат 5:00 шамасында Доспанов көшесінде жүргізушіден күдіктенген «Буран-027» экипажы көлікті тоқтатқан. Полицияны көрген ол сытылып жанама көшеге бұрылмақ болған. Көлікте 19-20 жастағы 5 жігіт болған. Тінту кезінде олардан тапанша мен оның оқтары, екі мылтық табылған. Жедел тергеу тобы қаруды баллистикалық сараптамаға жіберді», – деді жергілікті полиция қызметінің патрульдік полкінің командирі Айтжан Әлмұханбетов.

Оның айтуынша, «Тойота» жолаушылары мен жүргізушісі полиция учаскесіне жеткізілді.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабымен қылмыстық іс тіркелді.








Жоғары қарай