Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда полиция тоқтатқан көлік жүргізушісінен тапанша табылды

2021 жылдың 11 маусым 2021 18:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталығында тапаншасы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлері Сәтбаев көшесінде «Hyundai» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісін тоқтатты.

«Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші қатты қобалжыды. Кейінірек оның барсеткасының ішінен оқталған тапанша табылды. Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу-жедел тобы оқиға орнына шақырылып, жүргізуші полиция басқармасына жеткізілді. Тергеушілер қаруды процессуалдық тәртіпте тәркіледі», - деп хабарлады полициядан.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай