Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

2021 жылдың 3 наурыз 2021 12:16

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Роза Тәжібайқызы Бағланованың құрметіне ескерткіш Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігінде, Байсейітова көшесінің шығыс жағында орнатылады.

«12 наурызға дейін Роза Тәжібайқызы Бағлановаға арналған ең жақсы ескерткіштің жобасын жасауға ашық конкурс жарияланды. Қазіргі уақытта монументалды өнердің құру процесі жүріп жатқан соң, бюджет 2021 жылдың екінші жартысында қаралатын болады. Әзірге ескерткіш салуға қанша қаражат жұмсалары белгісіз», - деді басқармадан.

Роза Бағланова - кеңестік, қазақстандық опера және эстрада әншісі. КСРО халық әртісі. Қазақстанның халық қаһарманы.


Жоғары қарай