Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Алматыда санитарлық талапты сақтамаған 39 нысан қайта жабылды

2020 жылдың 1 маусым 2020 19:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда санитарлық нормаларды сақтамай, ережені бұзған бизнес нысандарының қызметі қайта тоқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бизнес нысандарындағы санитарлық талаптардың орындалуын арнайы монторинг тобы қадағалайды. Оның құрамында кәсіпкерлер палатасы, әкімдік, полиция қызметкерлері мен санитарлар бар.

Мониторинг тобы 1989 бизнес нысанын тексеріп, 65 кәсіпкерге айыппұл салған. Сөйтіп 39 нысанның қызметін тоқтатты.

«Өткен сенбі, жексенбі күндері 153 нысан тексерілді. 14 нысанның қызметі тоқтатылды. Бұл тек ескертуге жауап бермейтіндерге қатысты. 12 кәсіпорынның басшыларына әкімшілік айыппұл салынды», - деді Ж.Бекшин.


Жоғары қарай