Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Алматыда сәуір айы жаңбырлы болады

2020 жылдың 2 сәуір 2020 11:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Байгелов мегополисте сәуір айында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың сәуір айында Алматыда ауа температурасы +12 градус болады деген болжам бар, бұл нормадан 1 градусқа жоғары. Жауын-шашын бір айда нормадан 105 миллиметр асады», – деді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Арман Байгелов онлайн-брифинг барысында.

Сондай– ақ, ол қала аумағында су басу қаупі бар 26 учаске бақылауға алынғанын айтты. Оның ішінде 9 учаскедегі қауіп-қатер жойылды. Бұл жұмыстарға жалпы сомасы 1 млрд теңге жұмсалған.

«Биыл қалған 17 учаске бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оны іске асыру жұмыстарын қолға аламыз», – дейді ол.

Үш жылда қалада 381 шақырым арық желілері салынды. 40 шақырым өзен арналары нығайтылды. Бұл жұмыстар су тасқынын үш есеге азайтуға мүмкіндік берді.


Жоғары қарай