Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда «Сергек» камераларының саны артады

2020 жылдың 5 тамыз 2020 12:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жыл соңына дейін Алматыда қосымша 362 «Сергек» камерасы орнатылады. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қосымша камералар әсіресе қоғамдық көліктер жүретін жолаққа орнатылады.

«Қазір қаладағы қоғамдық көліктер жүретін бөлікте ереже бұзғандарды анықтайтын «Жолақ» жүйесі орнатылған. Оның пайдасы зор. Көлік жүргізушілердің жол ережесін қатаң сақтауы үшін қосымша 362 «Сергек» камерасын орнатамыз, - дейді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, ол қосымша камераларды орнату жұмысы қыркүйек айынан бастап қолға алынатынын жеткізді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Заң, Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай