Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда серуенге шыққан 26 адам қамауға алынды

2020 жылдың 7 сәуір 2020 18:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда серуенге шыққан 26 адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, өткен тәулікте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-бөлігіне сәйкес төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін, атап айтқанда көшеде негізсіз жүрген 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 26-сы қамауға алынды, 32 адамға айыппұл салынды, біреуіне ескерту жасалды.

«Жалпы төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері 105 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 46-сы қамауға алынып, 55 адамға айыппұл салынды. Ал кеше мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес 65 әкімшілік материалды қарады» – деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Аймақ, Коронавирус,
Жоғары қарай