Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда Шөкин көшесінің бір бөлігі төрт айға жабылады

2021 жылдың 17 мамыр 2021 17:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жылу желілерін қайта құру кезінде Ш. Шөкин көшесінің бір учаскесіндегі жол жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 24 мамырдан 20 қыркүйекке дейін Шапық Шөкин көшесінің бойында Қарасай батыр көшесінен Райымбек даңғылына дейін автокөлік қозғалысы тоқтатылады.

«Уақыт шектеулері осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астында өтетін магистральдық құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады» - делінген хабарламада.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Құрылыс, Жол, Көлік,
Жоғары қарай