Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда содырлардың шабуылынан кейінгі полиция ғимараты көрсетілді

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 17:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық полиция департаменті содырлардың шабуылынан кейінгі полиция ғимараттарының видосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын хабарланғандай, 6 қаңтарға қараған түні қаланың полиция департаментіне, Әуезов, Алмалы, Бостандық, Медеу, Жетісу аудандарының полиция басқармаларына, сондай-ақ Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөліміне қарулы шабуыл жасалды.


«Шабуылшылар автомат, граната, «Молотов» коктейльдерін және басқа да атыс қаруларын қолданды. Алматы қалалық полиция департаментіне сағат 20:00-ден 05:00-ге дейін барлығы 27 шабуыл жасалды. Өкінішке орай, Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің ғимаратына жасалған шабуылды тойтару кезінде екі полицей қаза тапты»,- делінген хабарламада.

Қанат Таймерденовтың айтуынша, содырлар тәртіп сақшыларының қаруды тастап,берілуін талап еткен.


Жоғары қарай