Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматыда СПА салондар, қоғамдық моншалар қызметін қайта бастады

2020 жылдың 1 маусым 2020 09:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда, шектеу шараларын жеңілдету шеңберінде, 1 маусымнан бастап, СПА-салондары, қоғамдық моншалар мен сауналар жұмыстарын қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нысандардың қызметіне барлық эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі.

«Жұмысты бастар алдында, ұйымдар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының ережелерімен танысуы және нысандарды барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс. Ол талаптар: күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т.б. Бұдан әрі, нысандар infokazakhstan.kz сайтына тіркелуі тиіс. Онда олар өздерінің әзірлігін растайды және хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік береді»,– деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, айыппұл салынып қайта жауып тастау сияқты әкімшілік жауапқа тартылады.

Жұмыс орындарына қажетті қызметкерлер санын кәсіпорын басшылары өздері белгілейды. Сұлулық және денсаулық индустриясының нысандары үшін жұмыс кестесі штат режимінде қалып отыр.

Жалпы 7,2 мың адам жұмысқа оралады.

Бұдан басқа, 1 маусымнан бастап, шектеулер әзірлік бағалауынан өткен азық-түліктік емес базарлардан алынатын болады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай