Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Алматыда судья Андрей Штейнкке қатысты сот үкімі шықты

2019 жылдың 24 шілде 2019 21:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы аудандық соты судья Андрей Штейнкке қатысты ақтау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы аудандық сотында пара алды және алаяқтық жасады деген айыппен сотқа келген Андрей Штейнкке қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

Прокуратураның мәліметі бойынша, 2018 жылдың желтоқсанында жәбірленуші А.Б-ның, Алматыдағы пәтері Медеу мен Бостандық аудандық сотының шешімімен кепілдікке қойылған. Жәбірленуші Әуезов ауданының №2 аудандық сотының судьясы танысы болғандықтан, осы ақпаратты базадан алып тастауға көмек сұраған.

Сотқа дейінгі тергеу органының айыптауына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданы №2 аудандық сотының судьясы Штейнкке танысы АБ-ға, пәтерін кепілдіктен шығару үшін мемлекеттік қызметтегі мамандарға 10 000 АҚШ доллары көлемінде пара беруді ұсынған. Кейін судьяға аталған қомақты соманы алаяқтық жолмен өз қалтасына басты деген айып тағылды.

Сот ҚРҚК 125-бабына сәйкес айыпталушыға қатысты нақты дәлелдердің жоқтығын және жеткіліксіз екенін ескерді.

Сотта жауап берген А.Штейнк өзіне тағылған қылмыстарды мойындаған жоқ.

Сот процесінде айыпталушының, жәбірленушіден ақша алу фактісі көрсетілген жоқ.

Прокуратура ұсынған бейнежазбада жәбірленуші ақшаны судьяға тапсырғаны немесе оларды көлікке қалдырғаны көрінбейді.

Жәбірленушінің Штейнкке 10 мың АҚШ долларын бергені туралы куәлігі қылмыстық іс материалдарымен теріске шығарылды.

Оқиға орнын тексерген кезде ақшада да, көліктің ішінде де, Штейнктің қолында да, киімінде де саусақ іздері анықталған жоқ.

Сот үкімімен А.Штейнкке ҚРҚК 28 бабы 4-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігінің (пара беруге итермелеу), 190-бабы 3тармағы 1,2-бөлігі бойынша (Алаяқтық) жасаған жоқ деп танылып, осы баптар бойынша актіде қылмыс құрамының жоқтығы үшін ақталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.Ол жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде шағым қайта қаралуы мүмкін.

Жоғары қарай