Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда тағы 15 кәсіпкер өтемақы төлемін алды

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 19:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін тағы 15 кәсіпкер өтемақы төлемін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 15 шағын және орта бизнес нысанына жалпы сомасы 28 млн теңге өтемақы төленді.

Оның ішінде 8 кәсіпкер бюджет қаражатынан жалпы сомасы 14 759 099 теңге, 7 кәсіпкер «Жаңа Алатау» қоғамдық қорынан жалпы сомасы 13 332 639 теңге өтемақы алды.

Info Kazakhstan порталының деректеріне сәйкес, 28 қаңтардағы жағдай бойынша залалды қалпына келтіруге 923 өтінім берілді, оның ішінде жұмыс істеу үшін 134 өтінім қабылданды, 17 өтінімді комиссия мақұлдады.

Алматыда зардап шеккен бизнес нысандарының саны 1 674 (ірі бизнес – 79, ШОБ – 1595). Бизнеске келтірілген залалдың жалпы сомасы 72,4 млрд теңге (ірі бизнес – 26,8 млрд теңге, ШОБ – 45,6 млрд теңге).

Бұған дейін ШОБ мүліктік зиянын анықтау жөніндегі өңірлік комиссия 2 өтінімді мақұлдады, оларға жалпы сомасы 5 млн теңгеге төлем жүргізілді.



Жоғары қарай