Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда тағы 2 адам ұсталып, олардан бағалы заттар мен қару-жарақ тәркіленді

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 17:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда дүкен тонаған екі адам ұсталды. Олардан бағалы заттар мен қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комендатураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Райымбек даңғылы бойындағы «Технодом» және RedPark дүкендеріне жасалған шабуыл мен шеруге 26 жастағы Ж. есімді және 22 жастағы К. есімді екі азамат қатысқан.

Олар Сәтбаев көшесі бойындағы алаңнан 12-калибрлі патроны бар мылтық пен шу гранатасын да алып кеткен.

Тұтқындау кезінде полиция қызметкерлері күдіктілерден тұрмыстық техника, киім-кешек пен «Royal Petrol» жанармай құю бекетінен ұрланған сусындарды тәркіледі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Белгілі болғанындай, ұсталғандар - Өзбекстанның тумасы.

Олар Алматы облысындағы ауылдардың бірінде тұрады.


Жоғары қарай